АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Сирек қорындағы журналдар каталогын таныстыруға арналған маңызды жиын өтті. Кітапхана ісі мен ұлттық кітап қорын сақтау, зерттеу және насихаттау бағытындағы басқосуға еліміздің бірқатар ғалымдар, кітапхана саласының өкілдері қатысты.
Жиынға Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова да қатысып, кітапхана ісінің өзекті мәселелері мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Басқосу кітапханалар арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, сирек қорларды ғылыми айналымға енгізу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және оқырманға насихаттау бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.