2026 жылы, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің тарихи «Тағдыр» романы таңдалды. Осыған орай оқырмандарды шығарманы оқып, оның тарихи тағылымы мен көркемдік мәнін тануға шақырамыз.
«Бір қала – бір кітап» 2026 жыл қалалық акциясы аясында көрнекті жазушы Нәсіреддин Сералиевтің шығармалары таңдалды. Оқырмандарды қаламгердің тағылымды туындыларын оқып, шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз!
2019 жылы Ә.Кекілбаев "Аңыздың ақыры", Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы
2020 жылы Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" романы
2021 жылы "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап"
2022 жылы "Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығы"
2023 жылы Төлен Әбдіктің шығармалары
2024 жылы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары
2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқитын боламыз. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов