Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» кітабы бойынша кітап пен фильмді талданды.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен №143 Жалпы білім беретін орта мектептің 9 «В» сынып оқушыларымен Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» кітабы бойынша кітап пен фильмді талдадық., Әйгілі «Гарии Поттер» шығармасы мен оның экрандық нұсқасын салыстырып, кітаптағы оқиғалардың фильмде қалай бейнеленгені туралы өз ойларын айтты. Қатысушылар сүйікті кейіпкерлерін, есте қалған ерекше оқиғаларды сондай-ақ кітапта бар бірақ фильмде өзгертілген, қысқартылған тұстары жайында пікір алмасты. Сиқырлы әлемге саяхат жасаған бұл кездесу оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
https://www.facebook.com/share/1Dm7wEj3fb/