Жаңалықтар

«Оқу процесінде Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану»

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру, ЖИ технологияларын білім алуда тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Оқу процесінде Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы мамандар күні Политехникалық колледждің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» факультетінің студенттерімен өткізілді.

Іс-шара барысында Жасанды интеллект жайлы бейнеролик көрсетіліп, Бағдарламалау және ақпараттандырылған жүйелер пәнінің оқытушысы Сауле Ғалымжанқызы студенттерге оқу процесіндегі ЖИ мүмкіндіктерін таныстырып, тапсырмаларды жеңілдету жолдарын көрсетті. Студенттер викториналық сұрақтарға жауап беріп, ЖИ құралдарын тиімді қолдану жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, студенттерге таныстырылды.