Жаңалықтар

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

???? «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»

????️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған тағылымды шара өтті. Басқосудың модераторы әрі негізгі спикері – кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова.

????Талқылау шарасына - журналист, жазушы, Түркістан облысы мәслихатының депутаты, «Ақпарат саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Төлеби ауданының құрметті азаматы», «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай мырза қатысып, кітапта көтерілген мәселелерді жан-жақты тарқатып айтты.

????Талқылау барысында кітапта қамтылған өзекті мәселелер, елдің қоғамдық-саяси дамуы, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды. Кітапхана қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, еңбектен алған әсерлерімен және кітапта көтерілген мәселелерге қатысты пікірлерімен бөлісті.

????Тағылымды басқосу кітап оқу мәдениетін арттырумен қатар, Мемлекет басшысының еңбектеріндегі маңызды ойларды зерделеп, қоғамдық мәселелер төңірегінде ой бөлісуге мүмкіндік берді.

https://www.facebook.com/share/r/19N5YQo3Cb/